Лариджани Кабулдағы лаңкестік шабуылды айыптады
(last modified Mon, 25 Jul 2016 10:57:57 GMT )
Шіл 25, 2016 16:57 Asia/Almaty
  • Лариджани Кабулдағы лаңкестік шабуылды айыптады

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы өз жолдауында Ауғанстанның астанасы Кабул қаласында болған лаңкестік шабуылды айыптады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани кеше, жексенбі күні Ауғанстанның Өкілдер палатасының төрағасына жолдауында көптеген қорғансыз ауған азаматтарының қаза болуына және жаралануына әкеліп соқтырған Кабулдағы лаңкестік шабуылды айыптап: «Ауғанстан халқы жылдар бойы осындай қастандықтарға қарсы тұрып, табандылық танытып келеді. Лаңкестік топтардың әлемнің түкпір-түкпіріндегі халықтарға қарсы әрекеттері кеңейіп барады. Олардың халықтар арасында үрей тудырып, тынышсыздық орнатуға бағытталған адамзатқа қарсы әрекеттерімен кесімді түрде күресу қажет»,-деді.

Сенбі күні Кабулдың батысында «Жарық» қозғалысының ереуілшілері  арасында болған жарылыстарда 90-нан астам адам қаза тауып, 300 адам жараланды.

ДАИШ осы шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алды.