Ұлыбританияның Барлау ұйымы Түркиядағы әскери төңкеріс жасанды деген уәж айтты
(last modified Tue, 26 Jul 2016 15:40:13 GMT )
Шіл 26, 2016 21:40 Asia/Almaty
  • Ұлыбританияның Барлау ұйымы Түркиядағы әскери төңкеріс жасанды деген уәж айтты

Түркияның «Заман» газеті Ұлыбританияның ішкі Барлау ұйымының мәліметіне сүйеніп, Түркиядағы жуықтағы сәтсіз әскери төңкеріс жасанды болды деп мәлімдеді.

Түркияның «Заман» газеті өз хабарында Ұлыбританияның ішкі Барлау ұйымы Анкараның кейбір басшыларының жуықтағы әскери төңкеріс барысындағы телефон сұхбаттары мен құпия кілт сөз қойылған электронды хаттарына қол жеткізген. Осы мәлімет бойынша, Түркия үкіметінің жоғары мәртебелі қайраткерлері үкіметтік және жекеменшік органдарды қарсыластардан тазарту үшін жоспар құрып, әскери төңкерісті осы елдің армиясына таңған. Түркия 15- ші шілдеде осы ел әскерилерінің бір бөлімінің Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған үкіметіне қарсы әскери төңкеріс жасауға талпынғанына куә болды. Олардың төңкерісі нәтижеге жетпей, сәтсіздікке ұшырады.