«Ортақ қадам» келісімі америкалықтардың уәдені бұзуы салдарынан ойдағыдай іске аспады
Иран Ислам Республикасының сыртқы байланыстардың стратегиялық кеңесінің төрағасы «Ортақ қадам» жан- жақты бағдарламасының америкалықтардың уәдені бұзуы салдарынан ойдағыдай іске аспағанын мәлімдеді.
Иран Ислам Республикасының сыртқы байланыстардың стратегиялық кеңесінің төрағасы Камал Харази Иран Телерадио ұйымы ақпарат агенттігіне берген сұхбатында: «Шын мәнінде америкалықтардың уәдені бұзуы мен өзге елдерге қысым жасауы салдарынан «Ортақ қадам» келісімі ойдағыдай іске аспады
Бір құжатқа қол қою арқылы барлық қиыншылықтардың шешілмейтіндігі мен «Ортақ қадам» келісімін ойдағыдай орындамауға қысым жасау үшін олардың қолдарында құралдар болуы керек деген болжам басынан айтылды.
Иран мен Америка арасындағы шиеленісті мәселелер салдарынан Вашингтонның Иранға қарсы санкциялары мен қысымдары әлі жалғасуда» деді.