Американың қара нәсілділері демократиялық партияның нәсілшілдік саясатына қарсы шеруге шықты
(last modified Wed, 27 Jul 2016 17:51:35 GMT )
Шіл 27, 2016 23:51 Asia/Almaty
  • Американың қара нәсілділері демократиялық партияның нәсілшілдік саясатына қарсы шеруге шықты

«Қара нәсілділер тіршілігінің маңызы бар» деп аталатын қозғалыстың жүздеген жақтаушысы демократиялық партияның нәсілшілдік саясатына наразылық ретінде Филадельфияда осы партия бас қосатын мекенде шеру өткізді.

«Спутник» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, «Қара нәсілділер тіршілігінің маңызы бар» деп аталатын қозғалыстың жүздеген жақтаушысы сейсенбі күні кешке Филадельфияның қала әкімшілігі ғимаратының алдынан Филадельфияның оңтүстігіндегі демократтардың ұлттық бас қосу мекеніне қарай шеруге шықты.

Наразы азаматтар нәсілдік әділетсіздікке, Американың демократиялық партиясына және Америкадағы 2016 жылғы президенттік сайлаудағы демократтардың үміткері Хиллари Клинтонға наразылық танытты.

Осы мәлімет бойынша шеруді жұмысшылар әлемдік партиясы мен халықаралық шара орталығы ұйымдастырды.

Наразы азаматтар тәуелсіз үкіметті, қара нәсілділерді құлдыққа алуы үшін өтемақы төлеуді, әйелдер бостандығын, сондай- ақ капиталистік жүйе мен басып жаншудың кез- келген түрінің күшін жоюды талап етті.

Американың демократиялық партиясы сейсенбі күні Пенсильвания штатының Филадельфия қаласында Хиллари Клинтонды Америкадағы 2016 жылғы 8- ші қарашадағы президенттік сайлаудағы осы партияның үміткері ретінде Ақ Үйге жолдама алуға тағайындады.