Иран мен Әзірбайжан республикасы рельстік жолдарды дамыту үшін ынтымақтастық жасайды
(last modified Wed, 27 Jul 2016 17:54:02 GMT )
Шіл 27, 2016 23:54 Asia/Almaty
  • Иран мен Әзірбайжан республикасы рельстік жолдарды дамыту үшін ынтымақтастық жасайды

Иранның Жол және қала құрылысы министрінің орынбасары Иран мен Әзірбайжан республикасының екі елдің рельстік жолдарын дамыту үшін ынтымақтастықтарының кеңейтінін хабарлады.

Иранның Жол және қала құрылысы министрінің орынбасары Асқар Фахрие Кашан мен Әзірбайжан республикасының Экономика министрінің орынбасары Сахил Бабаев сейсенбі күні Бакуде кездесіп, екі елдің алдағы бірнеше айда ортақ инвестиция салу арқылы Рашт- Астара рельстік жолын салуға келісімшарт жасау үшін тиісті шараларды атқаруға келісті.

Иранның Жол және қала құрылысы министрі орынбасарының айтуынша, Әзірбайжан республикасы осы жоба шығынының 500 млн долларын төлеуге әзірлік танытты. Қалған шығынды Иран төлеуі тиіс. Иранның Жол және қала құрылысы министрінің орынбасары Рашт-Астара рельстік жолын Қазвин- Рашт- Анзали- Астара теміржол жобасының бір бөлігі деп атап: «Осы жоба бойынша жұмыстардың 90 пайыздан астамы атқарылып, 2016 жылы нәтижеге жетеді» деді.