Зариф Конакриде Гвинея президентімен кездесті
Иран Сыртқы істер министрі мен Гвинея президенті Конакриде кездесіп, әңгімелесті.
ИРНА- ның хабарлауынша, Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф бейсенбі күні Гвинея елінің қайраткерлерімен кездесулерінің жалғасында осы африкалық елдің президенті Альфа Кондемен кездесіп, әңгімелесті.
Иран Сыртқы істер министрі мен Гвинея президенті осы кездесуде екі елдің саяси және сауда-саттық байланыстарын кеңейтуді қуаттады.
Сондай- ақ Зариф Гвинея Парламентінің төрағасы Клод Кори Кондианомен кездесуде: «Иран мен Африканың, әсіресе Гвинеяның тарихи байланыстары мен мәдени ортақ тамырластықтары бар. Осы сапар экономикалық байланыстардың бұрынғыдан көбірек кеңеюіне себеп болады» деді.
Гвинея парламентінің төрағасы да осы кездесуде Гвинеяның Иранның жанынан табылатындығын қуаттап, Иранды аймақтағы ең маңызды әрі дамыған елдердің бірі деп атады.
Зариф Гвинея Сыртқы істер министрі Макале Камара ханыммен кездесуде Африканың экономикалық даму негізінде әрдайым Иранның басты бағдары болғанын баяндай келе, Иран мен Гвинеяның экономикалық байланыстарының кеңеюіне үміт білдірді.
Гвинея Сыртқы істер министрі Макале Камара ханым да Африканың өнеркәсіп, сауда және ауылшаруашылығы негізінде шаралар қолдануды қажет ететіндігін қуаттап: «Осы сапар екі ел үшін «ұтыс- ұтыс» келісімін қамти алады деді.