Иран АҚХА-ға құпия құжаттардың жариялануына қатысты қатаң ескерту жасады
ИИР АҚХА-ның жауапты тұлғаларына Иранның құпия құжаттарының жариялануына қатысты қатаң ескерту жасады.
Иран Атом қуаты ұйымының ақпарат өкілі Бехруз Камалванди: «Иран жазбаша және ауызша түрде АҚХА-ның жауапты тұлғаларына құпия құжаттардың жариялануына қатысты қатаң ескерту жасады. АҚШ-та сайлауалды науқан жүріп жатқан шақта АҚХА-ның құпия құжаттарының жариялануы осы елдің үкіметіне қысым жасайды, өйткені олар Ираның ядролық бағдарламасын тоқтатуды көздейді. Кейбіреулер саяси мүдделер мен ИИР-на қысым жасау үшін осы мәліметтерді теріс пайдалануға талпынуда.
Сионистік режим АҚХА Басқарма кеңесіне мүше елдердің наразылығына қарамастан өздерінің атом бомбаларының санын жарияламай отыр. Бұл мәселе АҚХА-ның саяси қысымдардың ықпалында жұмыс жасайтынын көрсетеді»,-деді.
Жуырда Associated Press ақпарат агенттігі бір мақала жариялады. Онда бұрындары АҚХА-не берілген Иранның ядролық бағдарламасының даму жобасы мен уранды байытуға арналған ұзақ мерзімді бағдарламасының бір бөлігі жария болды.