Қарсыласуды әлсірету – АҚШ-тың Сириядағы мақсаты
(last modified Mon, 01 Aug 2016 08:51:06 GMT )
Там 01, 2016 14:51 Asia/Almaty
  • Қарсыласуды әлсірету – АҚШ-тың Сириядағы мақсаты

Иран Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының халықаралық істер жөніндегі арнайы көмекшісі америкалықтардың Сириядағы мақсатын қарсыласу өзегін әлсіретіп, Башар Асадты биліктен кетіру деп атады.

Хосейн Амир Абдуллахиан Иранның 2-арнасына берген сұхбатында: «Америкалықтар соғыс алаңында қолға түсіре алмаған нәрсеге әскери-қауіпсіздік тәсілдерін пайдаланып қысым жасау және келіссөздер үстелі арқылы қол жеткізуге болады деп ойлайды»,-деді.

Амир Абдуллахиан БҰҰ Бас хатшсының Сирия істері жөніндегі өкілі Стаффан де Мистураның Иранға сапарына тоқталып: «Соңғы апталарда АҚШ пен Ресей арасында Сириядағы саяси үдерісті жылдамдату жөнінде сұхбаттар болды»,-деді.

Ислам Кеңесі Мәжілісі төрағасының арнайы көмекшісі, сондай-ақ, Сауд Арабиясының Йеменге әскери шабуылын Сауд әулетінің стратегиялық қателігі деп атап: «Сауд Арабиясының осы соғысты жүргізудегі мақсаты өз елін әскери жағдайға енгізіп, соның тасасында билеуші әулет ішіндегі дағдарысты бақылауға алу болды»,-деді.