Италия Сыртқы істер министрі осы ел мұсылмандарының христиандарға тілеулестігіне алғыс айтты
(last modified Mon, 01 Aug 2016 09:14:57 GMT )
Там 01, 2016 15:14 Asia/Almaty
  • Италия Сыртқы істер министрі  осы ел мұсылмандарының христиандарға тілеулестігіне алғыс айтты

Италия Сыртқы істер министрі осы ел мұсылмандарының христиандарға тілеулестігіне алғыс айтты.

Италия Сыртқы істер министрі Паоло Джентилони осы ел мұсылмандарының шіркеулерге келіп, христиандарға тілеулестік білдіргеніне алғыс айтты.

Паоло Джентилони Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің жеке парақшасында: «Өз қоғамына экстремизммен күрес жолын көрсететін барлық мұсылман италиялықтарға алғыс айтамын»,-деп жазды.

Жексенбі күні Италияда 15 мың мұсылман діни қызметкер Жак Амель ДАИШ лаңкестік тобы қолынан қаза болғаннан кейін христиандарға тілеулестік ретінде Франциядағы мұсылман қоғамының бастамасына қосылып, шіркеулерге барып, лаңкестікті айыптаумен қоса, бейбіт жолдау жасап, христиандармен бірге дұға оқыды.

Өткен сейсенбі күні екі адам Францияның солтүстік-батысындағы Сент- Этьен-дю-Рувре шіркеуіне шабуыл жасап, осы шіркеудің діни қызметкерін бауыздады. ДАИШ лаңкестік тобы осы шабуылға жауапкершілікті өз мойнына алды.