Түркия Германияның елшісі мен әскери атташесін шақырды
Там 01, 2016 19:41 Asia/Almaty
Түркия үкіметі Германияның елшісі мен әскери атташесін шақырды.
Түркиядағы Германия елшілігінің ақпарат хатшысы осы елдің үкіметі Германияның елшісі мен Анкарадағы әскери атташесін Германия үкіметінің Кельн қаласында Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды жақтаушылардың шеру өткізуіне кедергі жасауына наразылық білдіру үшін шақырды.
Ердоғанның үкіметін қолдаушы 50 мың адамнан топ жексенбі күні Германияның Кельн қаласының көшелеріне шығып, өз елінің президентіне қолдау көрсетті.
Осы шеруді бақылап, шерушілерге шектеу қою үшін 3 мың полиция күші жұмылдырылды. Германия қайраткерлері осы шеруде видео конференция арқылы Ердоғанның баяндамасының таратылуына кедергі жасады.
Тегтер