ДАИШ-тың қоқан-лоққылары Ресейдің лаңкестікке қарсы ұстанымын өзгертпейді
(last modified Tue, 02 Aug 2016 10:30:24 GMT )
Там 02, 2016 16:30 Asia/Almaty
  • ДАИШ-тың қоқан-лоққылары Ресейдің лаңкестікке қарсы ұстанымын өзгертпейді

Кремльдің ақпарат өкілі Ресейге қарсы лаңкестік қоқан-лоққылардың жариялануына тоқталып: «Мұндай мәселелерді алға тарту Ресейдің лаңкестікпен күресті тоқтатуына себеп болмайды»,-деді.

Кремльдің ақпарат өкілі Дмитрий Песков дүйсенбі күні осы қоқан-лоққылар жайында: «Жарияланған қоқан-лоққыларға шектен тыс көңіл аударуға дәлел жоқ, алайды тиісті шаралар атқарылуы қажет. ДАИШ лаңкестік тобы тарапынан ұсынылатын фильмдер мен жолдаулар Ресейдің ұстанымы мен президент Владимир Путиннің лаңкестерге қарсы саясатына әсер ете алмайды. Ресей бұрынғыдай лаңкестікпен күрес саясатын жалғастыра беретін болады және бұл үдерісті тоқтатпайды»,-деп қуаттады.  

Ресей Сирия үкіметінің ресми өтінішімен өзінің әуе және теңіз күштерінің әртүрлі бөлімшелерін пайдаланып, лаңкестерді, әсіресе ДАИШ пен ән-Носрат майданын ауқымды түрде басып-жаншуды бастады. Бұл лаңкестердің жер жастанып, үсті-үстіне жеңіліс табуы мен Сирияның ауқымды бөлігінің азат етілуіне себеп болды.