Обама: Трамп президент болатын біліктіліктен кенде
https://itolqyn.com/news/world-i12199
АҚШ Президенті: «Республикашылдардың жанжалды үміткері Дональд Трамп бұл елдің президенті міндетін атқаратын біліктіліктен мүлдем кенде" деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 03, 2016 16:11 Asia/Almaty
  • Обама: Трамп президент болатын біліктіліктен кенде

АҚШ Президенті: «Республикашылдардың жанжалды үміткері Дональд Трамп бұл елдің президенті міндетін атқаратын біліктіліктен мүлдем кенде" деді.

France Press ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, АҚШ Президенті Барак Обама сейсенбі күні Ақ үйде Сингапурдың Премьер-министрі Ли Хсин Лунгпен ортақ баспасөз отырысында АҚШ-тағы президенттік сайлауға қатысатын республикашылдардың жанжалды үміткерін сынады.

Обама  Дональд Трамптың 2004 жылы Иракта қаза тапқан америкалық сарбаздың ата-анасын сынағанына тоқталып: «Трамп мұндай сөздерімен өзінің біліксіздігін растай түседі»,-деп мәлімдеді.

Осы америкалық мұсылман сарбаздың ата-анасы өткен аптада АҚШ демократтар партиясының бүкілхалықтың отырысында (конвенциясында) Хиллари Клинтонның үміткер деп жариялану рәсіміне қатысқан болатын.

АҚШ Президенті: «Дональд Трамптың осы елге ерекше жанқиярлық жасаған жанұяны сынға алуы оның Еуропа, Таяу Шығыс пен Азияға қатысты негізгі мәселелерден хабарсыз екенін көрсетеді. Ол президент міндетін атқаруға мүлдем дайын емес»,-деді.