БҰҰ Йеменде құрбан болып жатқан балалардың тағдырына қатысты үнсіздік танытып отыр
БҰҰ- дағы Иранның өкілі БҰҰ-ның саяси қысымдардың салдарынан Йеменде құрбан болып жатқан балалардың тағдырына қатысты үнсіздік танытып отырғанын айтты.
ИРНА-ның хабарлауынша, БҰҰ-дағы Иранның өкілі Ғоламали Хошру сейсенбі күні Қауіпсіздік Кеңесінің қарулы қақтығыстар барысындағы балалардың жағдайына қатысты өткен отырысында: «Осы ұйымның Саудияның шапқыншы коалициясының Йемендегі қылмыстары негізінде мамандардың тапқан айғақ- деректеріне көзжұмбайлық танытуы құрбан болған балалардың хақысына жасалған қиянат болып табылады.
Әлемнің балалардың қырылуы мен мектептер мен ауруханалардың күйреуіне қатысты қысым жасау мен саяси ықпал жүргізудің куәсы болуы өкінішті және көңіл алаңдатарлық жағдай.
Өткен жылы Израиль режимінің Газадағы балаларға қарсы жасаған ашық қылмыстарына қарамастан БҰҰ-ның қара тізіміне енгізілмеді. Биыл да осы тақырып Йеменге қатысты орын алды. Саудияның коалициясы БҰҰ мамандарының тапқан айғақ-деректері бойынша әскери емес азаматтардың, соның ішінде 875 йемендік баланың өліміне жауапты деп танылған» деді.
БҰҰ- дағы Иранның өкілі Израиль армиясының 2014 жылы Газаға жасаған шабуылының салдарынан 540 палестиналық баланың жан тапсырып, 2955 баланың жараланғанын, соның ішінде шамамен 1000 баланың өмір бойы мүгедек болып қалғанын айтып: «Израиль режимі ешқашан Газада жасаған қылмыстары үшін сотқа тартылған жоқ» деді.