Американың әуеден жасаған шабуылынан ондаған ирактық қаза болды
(last modified Wed, 03 Aug 2016 18:09:01 GMT )
Там 04, 2016 00:09 Asia/Almaty
  • Американың әуеден жасаған шабуылынан ондаған ирактық қаза болды

«Әл- Анбар» облысы кеңесінің мүшесі Фархан Мұхаммад: "Американың жетекшілігіндегі коалицияның қырғи ұшақтары осы облысқа қарасты «әл- Ғаэм» қаласында ирактықтардың үйлерін бомбалады. Соның салдарынан кем дегенде 30 ирактық қаза болып, 17 кісі жараланды" деді.

Ирактың қауіпсіздік күштері Басра облысының солтүстігінде төрт лаңкестің құрықталғанын және Ирактың Салаходдин облысының солтүстігінде 50 жарылғыш белбеу мен 50 зымыранның табылғанын хабарлады.

Тегтер