Батыс Иранға адам құқығы туралы келіссөз өткізуге ұсыныс жасады
(last modified Thu, 04 Aug 2016 15:20:33 GMT )
Там 04, 2016 21:20 Asia/Almaty
  • Батыс Иранға адам құқығы туралы келіссөз өткізуге ұсыныс жасады

Иран Сот билігінің адам құқығы штабының хатшысы Еуропаның ИИР-на адам құқығы туралы келіссөз өткізуге ұсыныс жасағанын хабарлады.

Иран Сот билігінің адам құқығы штабының хатшысы Мохаммад Джавад Лариджани сәрсенбі күні кешке Иранның екінші телеарнасысына берген сұхбатта «Батыс белгілі бір тақырып туралы келіссөз өткізіп, өзінің қисыны мен көзқарастарын Иранға таңуды мақсат етуде. Егер келіссөз өткізілсе, Иран Сот билігінің адам құқығы штабы оған шынайы бақылау жүргізеді» деді. Лариджани Батыстың «Монафеқин» лаңкестік тобы мен 20 000 ирандықтың террорға ұшырауына қатысты қатынасын сынға алып: «Еуропамен адам құқығы келіссөздерін өткізуге Иран СІМ жауапты. Батыспен Иранның адам құқығы келіссөздері делегациясының құрамында ойшылдар, сот басшылары  мен саясаткерлер болады» деді.  

Лариджани Иранды адам құқығына қатысты сынаудың себебін сот билігінде исламдық заңдарды жүзеге асыру деп атап: «Иранның Сот билігі исламдық ой мен жүйеге қарсы саяси ағымның басталуына рұқсат бермейді» деп қуаттады.