Америка – Сириядағы лаңкестердің қорғаушысы
Там 05, 2016 00:06 Asia/Almaty
Ресей СІМ-нің ақпарат хатшысы Мария Захарова сириялық әскери емес азаматтардың Вашингтон қолдау жасайтын лаңкестік топтар тарапынан жаппай өлтірілуін айуандық деп атап:
«Америка Сирия халқына геноцид жасап жатқан қылмыскерлердің қорғаушысы. Америка мен одақтастары Сириядағы әйелдер мен балаларды өлтіріп жатқан лаңкестерді әлі қорғап отыр. Олар күн сайын көбірек қылмыстарға баруда» деді. Ресей СІМ ақпарат хатшысының айтуы бойынша, Сирияның Алеппо қаласындағы Америка қолдап отырған лаңкестер химиялық қару қолданған.
Тегтер