АҚШ Орта Азияға 15 млн доллар көлемінде көмек береді
(last modified Fri, 05 Aug 2016 11:46:31 GMT )
Там 05, 2016 17:46 Asia/Almaty
  • АҚШ Орта Азияға 15 млн доллар көлемінде көмек береді

Вашингтон Орта Азия елдеріне 15 млн доллар бөлді. Бұл тақырып Орта Азия елдері Сыртқы істер министрлерінің Вашингтонда АҚШ Мемлекеттік хатшысымен кездесуінде қол жеткізген келісімінің ең маңызды бөлігі болып табылады.

Орта Азия елдерінің Сыртқы істер министрлері 2015 жылы АҚШ Мемлекеттік хатшысының Орта Азия аймағына сапары барысында Самарқанд қаласында құрылған C5+1 тобы аясында Вашингтонда бас қосып, өзара ынтымақтастық жолдарын, соның ішінде құны 15 млн долларды құрайтын 5 ортақ жобаны іске асыруды талқылады.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы бұл жобаларға тоқталмастан, тек АҚШ-тың Вашингтон мен Орта Азия елдері арасындағы ынтымақтастық жобаларын қолдауға дайын екенін мәлімдеді.

Джон Керридің сөзі көрсеткендей, Вашингтон Орта Азия елдерімен қарым-қатынасын қайта сипаттаудың жаңа кезеңінде лаңкестікпен күрес, сауда және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ, энергетика саласында экономикалық әріптестікті арттыруды осы елдің Орта Азия елдерімен ынтымақтастығының негізгі іргетасы деп атады. АҚШ Мемлекеттік хатшысының өткен жылы Орта Азия елдеріне жасаған сапарында бекітілген алғашқы жобамен қатар осы  жолғы басқосу Ресейдің ашық та жасырын реакциясына ұшырады.

C5+1 тобына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің Вашингтондағы отырысы осы топ мүшелерінің өткен жылы Өзбекстанда өткен отырысы сияқты Мәскеу тарапынан ескерусіз қалмады.

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың осы елдің Түркіменстанмен қарым-қатынасын кеңейтуге ынта білдіруі осы аяда сарапталып, бағалануы тиіс. Бұл жайлы «Түркіменстанның сыртқы саясаты және дипломатиясы» атты журналда жазылған.

Лавровтың айтуынша, Мәскеу мен Ашхабад арасында осы уақытқа дейін екі ел арасында 100-ден аса ынтымақтастық құжатына қол қойылған. 2002 жылы 23 сәуірде қол қойылған «Достық және ынтымақтастық келісімі» осы саладағы ең маңызды құжаттардың бірі саналады.

Түркіменстанда 190-нан аса ресейлік компанияның жұмыс істеуі және екі елдің әртүрлі сауда-экономикалық салаларда жұмыс істеуіне жағдайдың жасалуы, сондай-ақ, екі елдің облысаралық ынтымақтастығы – осының барлығы Ресей Сыртқы істер министрінің Мәскеудің Ресей мен Түркіменстан қарым-қатынасын нығайтуға деген ынтасының тереңдігі жайлы сөйлеуіне негіз болды.

Ресейдің C5+1 тобына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің Вашингтондағы отырысына қатаң реакциясын Ресей Президентінің сөздерінен көруге болады. Владимир Путин  осы елдің Думасына бір заң жобасын ұсынды. Ол бойынша ТМД елдері ортақ қаржы нарығын құрып, долларды қолданудан бас тартуы тиіс болады. 

ТМД-ға мүше елдер доллар және еуромен мәміле жасаудан бас тартатын болса, бұл елдердің экономикалары еш зиян көрмейтіні былай тұрсын, осы елдердің экономикалық байланыстары мен сауда-саттығын нығайтуға көмектесетіндей механизм жасалады.

Ресей Президентінің бұл сөздері Мәскеудің соңғы жылдары Батыстың санкцияларымен бетпе-бет келіп отырған жағдайында айтылды. Ресей ТМД елдерінің әріптестігі және осы аумақта долларды айналымнан шығару арқылы өзінің ұлттық валютасын нығайтуды көздейді.  Мәскеу осы тәсіл арқылы C5+1 тобы әріптестігінің кеңеюінің алдын алуға үміттенеді.