Иранның кеме қатынасы саласындағы 3 компаниясы санкциялар тізімінен шығарылды
Ұлыбритания үкіметі Иранның кеме қатынасы саласындағы 3 компаниясын санкциялар тізімінен шығарды.
ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ұлыбританияның Қаржы министрлігіндегі қаржы санкцияларын орындау жөніндегі кеңсесі бейсенбі күні: «Еуропа кеңесінің қаулысы бойынша «Иран кеме қатынасында әл-ауқатты жақсарту қызметі компаниясы», «Иран кеме қатынасында құрамдастырылған тасымал компаниясы» және Сингапурда орналасқан «Leading Maritime PTE LTD» компаниясы осы елдің санкциялар тізімінен шығарылды»,-деп хабарлады.
Жаңа тізім бойынша осыдан былай осы үш ирандық компанияның активтері тәркіленбейтін болады.
Иран мен «алтылық» елдері арасында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы деп аталатын ядролық келісім жасалғаннан кейін Батыстың Иранға қарсы санкцияларының басым бөлігі жойылды.