Иранның кеме қатынасы саласындағы 3 компаниясы санкциялар тізімінен шығарылды
(last modified Fri, 05 Aug 2016 11:49:18 GMT )
Там 05, 2016 17:49 Asia/Almaty
  • Иранның кеме қатынасы саласындағы 3 компаниясы санкциялар тізімінен шығарылды

Ұлыбритания үкіметі Иранның кеме қатынасы саласындағы 3 компаниясын санкциялар тізімінен шығарды.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ұлыбританияның Қаржы министрлігіндегі қаржы санкцияларын орындау жөніндегі кеңсесі бейсенбі күні: «Еуропа кеңесінің қаулысы бойынша «Иран кеме қатынасында әл-ауқатты жақсарту қызметі компаниясы», «Иран кеме қатынасында құрамдастырылған тасымал компаниясы» және Сингапурда орналасқан «Leading Maritime PTE LTD» компаниясы осы елдің санкциялар тізімінен шығарылды»,-деп хабарлады.

Жаңа тізім бойынша осыдан былай осы үш ирандық компанияның активтері тәркіленбейтін болады.

Иран мен «алтылық» елдері  арасында «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы деп аталатын ядролық келісім жасалғаннан кейін Батыстың Иранға қарсы санкцияларының басым бөлігі жойылды.