Иранда бірнеше лаңкестің өлім жазасына берілуі жөніндегі Батыс қайраткерлерінің тұрғылары айыпталды
(last modified Sat, 06 Aug 2016 10:14:24 GMT )
Там 06, 2016 16:14 Asia/Almaty
  • Иранда бірнеше лаңкестің өлім жазасына берілуі жөніндегі Батыс қайраткерлерінің тұрғылары айыпталды

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми Иранда бірнеше лаңкестің өлім жазасына берілуі жөніндегі Батыс қайраткерлерінің тұрғыларын араласушылық деп атады.

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы Иранда бірнеше лаңкестің өлім жазасына берілуі жөніндегі еуропалық, америкалық қайраткерлер мен БҰҰ- ның адам құқығы жөніндегі жоғары комиссарының тұрғыларын Иран ислам республикасының ішкі ісіне араласу деп атап, оны айыптады.

ИСНА- ның хабарлауынша, Ғасеми: «Иран ислам республикасы лаңкестікпен және аймақтағы шетелдіктердің қолдауына ие болып отырған лаңкестік топтармен күресте әрдайым батыл саясат ұстанған.  

Иран лаңкестіктің құрбаны болып отырған жағдайда өз халқының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолдан келгенше талпыныс жасайды» деді.

Ғасеми Батыс қайраткерлерінің лаңкестерді жазалау жөнінде олардың қылмыстарына назар аудармастан тұрғы ұстануына өкініш білдіріп: «Иран сот билігіндегі дереккөздерінен қолға түскен мәліметтер бойынша тәкфирлік лаңкестік топ құру үшін талпыныс жасап, Иран ішінде қарулы әрекеттер жасау, террор және бейкүнә халықты әрі кейбір сүннит үлемдерді өлтіру, түрлі соғыс қаруларын даярлау, жарылысқа бомба жасау және кейбір қалалардың түрлі аймақтарына бомба қою осы лаңкестердің қылмыстық әрекеттерінің бір бөлігін құрады» деді.