Шамхани Иран мен Ауғанстанның стратегиялық серіктестіктерін қуаттады
(last modified Sat, 06 Aug 2016 15:35:39 GMT )
Там 06, 2016 21:35 Asia/Almaty
  • Шамхани Иран мен Ауғанстанның стратегиялық серіктестіктерін қуаттады

Иранның Ұлттық Қауіпсіздік Жоғары кеңесінің хатшысы Али Шамхани Теһран мен Кабулдың ортақ шекараларда қауіпсіздік орнату және лаңкестікпен күрес мақсатында тұрақты шешім жолына қол жеткізу үшін Теһран мен Кабулдың қауіпсіздік саласындағы сұхбаттарының жалғасуын қуаттады.

Иранның ұлттық Қауіпсіздік Жоғары кеңесінің хатшысы Али ШамханиТеһранда Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесшісі Мохаммад Ханиф Атмармен кездесуде  екі елдің шекараларында қауіпсіздік орнатуды және лаңкестікпен күресуді қуаттады.

Шамхани Ауғанстанда болған таяудағы лаңкестік жарылыстарда құрбан болғандарға байланысты көңіл айтып, секталық және лаңкестік дау-жанжалдар салдарынан қалыптасып отырған бейберекеттіктердің таралуын кейбір алпауыт елдердің исламдық елдердің ұлттық әлеуеттері және аймақтық мәртебелерін құрту мақсатындағы ежелгі саясаттары деп атады.   

Шамхани кейбір аймақтық елдердің көршілес елдердің әлеуеттері мен мүмкіндіктерін шектеу мақсатында сындарсыз коалиция құрудағы бүлдіргі әрекеттерін сынап: «Ислам әлемінің негізгі дұшпаны - жалған, бала өлтіргіш сионистік режим. Ислам елдерінің әлеуеттерін әлсіретуге соқтыратын әрбір шара Израильді күшейте түседі» деді.  

Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша кеңесі Мохаммад Ханиф Атмар да сол кездесуде Ауғанстанның дамуы мен ілгерілеуіндегі Иранның сындарлы рөліне алғыс айтып: «Экстремизм және лаңкестікпен жан-жақты күрес аймақтық қауіпсіздік қатынас және барлық елдердің әрекеттестігімен жүзеге асады» деді.