Трамп өзінің қарсыластарына реакция білдірді
(last modified Wed, 10 Aug 2016 03:16:51 GMT )
Там 10, 2016 09:16 Asia/Almaty
  • Трамп өзінің қарсыластарына реакция білдірді

Американың республикалық партиясының президент сайлауының үміткері өзіне қарсы жазылған хатқа қол қоюшыларды әлемдегі масқара жағдайға қатысты жауапты болуға шақырды.

ИРНА-ның америкалық хабар көздеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Американың республикалық партиясынан президенттіктен үміткер Дональд Трамп дүйсенбі күні кешке осы партияның 50 қауіпсіздік тұлғасының оны бұрын-соңды болмаған дәрежеде сынауына көрсеткен реакциясында оларды әлемдегі бүгінгі масқара жағдайға қатысты  жауап беруге шақырды.

Республикалық партияның ұлттық қауіпсіздік және сыртқы саясат саласындағы 50 белсенді танымал тұлғасы бір хатқа қол қойып, Трамптың сайлаудағы бағыт- бағдарын айыптап, ресми тұрғыда оның президенттігіне қарсылық танытып, оған дауыс бермейтіндіктерін мәлімдеді.

Осы хатқа қол қоюшылар сондай- ақ Трамп Ақ Үйге жолдама алып, АҚШ президенті болса ол Америка тарихындағы ең жауапсыз президенттердің бірі болады деп ескертті.

Трамп осы хатқа қол қойғандарды сәтсіздікке ұшыраған зиялылардың бір тобы деп атады.

Американың республикалық партиясының танымал мүшелерінің Трамппен қарсыласуы күннен күнге артуда.