Путин мен Ердоған Санкт-Петербургта ортақ баспасөз конференциясын өткізді
(last modified Wed, 10 Aug 2016 09:06:40 GMT )
Там 10, 2016 15:06 Asia/Almaty
  • Путин мен Ердоған Санкт-Петербургта ортақ баспасөз конференциясын өткізді

Ресей Президенті Ресей мен Түркияның экономикалық қарым-қатынасын қарқындату үшін күрделі істердің атқарылуы тиістігін қуаттады.

Ресей Президенті Владимир Путин  сейсенбі күні Санкт-Петербургта Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен өткізген ортақ баспасөз конференциясында: «Ресей Түркияға қарсы санкцияларды біртіндеп алады, алайда басты бағдар екі елдің қарым-қатынасын дағдарысқа дейінгі деңгейге жеткізу болады»,-деді.

Путин  Ресей мен Түркияның Сирияға қатысты мәліметтермен алмасуға келіскенін хабарлап: «Бұл іс екі елдің қауіпсіздік органдарындағы өкілдер арқылы атқарылады.

Ресей мен Түркия Сирия дағдарысын шешу үшін ортақ шешім жолын табу қажеттігін қуаттайды»,-деді.

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Путинмен өткен ортақ баспасөз конференциясында: «Ресей мен Түркия жылына 100 млрд долларды құрайтын екіжақты сауда айналымына қол жеткізу мақсатын қайта көтерді.

Ресейден Түркияға газ тасымалдау құбырын салу жобасы (Turkish Stream) екі құбыр желісінен тұратын болады. Түркия оларды Еуропаға газ жөнелту үшін пайдалануды көздейді. Мәскеу мен Анкара осы құбыр желісін салуды жылдамдатуға басымдылық беріп отыр»,-деп мәлімдеді.