Рухани «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын нақты орындауды жылдамдату қажеттігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/world-i12604
ИИР Президенті: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын нақты орындауды жылдамдатуға бар күшімізді салуымыз керек»,-деді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 10, 2016 15:22 Asia/Almaty
  • Рухани «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын нақты орындауды жылдамдату қажеттігін қуаттады

ИИР Президенті: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын нақты орындауды жылдамдатуға бар күшімізді салуымыз керек»,-деді.

Президент аппараты ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани  сейсенбі күні Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэймен телефон арқылы  сұхбатында Теһран-Лондон әріптестігінің кеңеюін қолдайтынын білдіріп, барлық тараптардың «Ортақ қадам» келісімін орындауы қажеттігін  баса айтты.

Рухани санкциялардан кейінгі кезеңде қаржы, банк және сақтандыру саласындағы әріптестіктің маңыздылығына тоқталып: «Ұлыбритания үкіметі Иран мен «алтылық» елдерінің ядролық келіссөздерінде әсерлі рөлге ие болғаны сынды  «Ортақ қадам» атты тарихи маңызды келісімнің нығайып, оның орындалуын жылдамдату үдерісінде де ықпалды бола алады»,-деді.  

Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэй сол сұхбатта Лондонның  «Ортақ қадам» келісімінің баптарын орындауға бар күшін салатынын және бұл үдерісті жылдамдататынын мәлімдеп: «Ұлыбритания, сондай-ақ, осы ел мен басқа де еуропалық елдердің банктерін Иранмен әріптестік жасауға ынталандыруға талпыныс жатыр»,-деді.