Рухани «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын нақты орындауды жылдамдату қажеттігін қуаттады
ИИР Президенті: «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасын нақты орындауды жылдамдатуға бар күшімізді салуымыз керек»,-деді.
Президент аппараты ақпарат сайтының хабарлауы бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэймен телефон арқылы сұхбатында Теһран-Лондон әріптестігінің кеңеюін қолдайтынын білдіріп, барлық тараптардың «Ортақ қадам» келісімін орындауы қажеттігін баса айтты.
Рухани санкциялардан кейінгі кезеңде қаржы, банк және сақтандыру саласындағы әріптестіктің маңыздылығына тоқталып: «Ұлыбритания үкіметі Иран мен «алтылық» елдерінің ядролық келіссөздерінде әсерлі рөлге ие болғаны сынды «Ортақ қадам» атты тарихи маңызды келісімнің нығайып, оның орындалуын жылдамдату үдерісінде де ықпалды бола алады»,-деді.
Ұлыбритания Премьер-министрі Тереза Мэй сол сұхбатта Лондонның «Ортақ қадам» келісімінің баптарын орындауға бар күшін салатынын және бұл үдерісті жылдамдататынын мәлімдеп: «Ұлыбритания, сондай-ақ, осы ел мен басқа де еуропалық елдердің банктерін Иранмен әріптестік жасауға ынталандыруға талпыныс жатыр»,-деді.