Нигерия азаматтары шейх Ибрахим Зәкзакиді бостандыққа шығаруды талап етті
(last modified Wed, 10 Aug 2016 14:25:00 GMT )
Там 10, 2016 20:25 Asia/Almaty
  • Нигерия азаматтары шейх Ибрахим Зәкзакиді бостандыққа шығаруды талап етті

Нигерия азаматтары шеру ұйымдастырып, осы елдің исламдық қозғалысының жетекшісін дереу азат етуді талап етті.

Мыңдаған Нигерия азаматы осы елдің астанасы Абуджада Нигерия үкіметінің осы елдің мұсылмандарына қысым жасау шарасына наразылық білдіріп, Нигерия исламдық қозғалысының жетекшісі шейх Ибрахим Зәкзакиді дереу бостандыққа шығаруды талап ету үшін ауқымды шеру өткізді. Шейх Ибрахим Зәкзакидің түрмеге қамалғанына 8 айдан асты. Алайда осы елдің қайраткерлері оны босату жөніндегі мұсылмандардың талаптарын орындамай отыр.

2015 жылдың 14- ші желтоқсан күні Нигерия армиясы осы елдің солтүстігінде орналасқан Кадуна штатының Зария қаласында Нигерияның исламдық қозғалысының жетекшісі шейх Ибрахим Зәкзакидің қонысы мен шиіттердің хосейниесіне баса-көктеп кіріп, жүздеген адамды, соның ішінде Зәкзакидің үш баласын өлтірді. Нигерия күштері Зәкзакидің өзін ұстап әкетті.