Ұлыбритания - Йеменге қарсы коалицияны қарумен қамтамасыз етуші екі елдің бірі
(last modified Thu, 11 Aug 2016 13:44:38 GMT )
Там 11, 2016 19:44 Asia/Almaty
  • Ұлыбритания - Йеменге қарсы коалицияны қарумен қамтамасыз етуші екі елдің бірі

Иран СІМ- нің ақпарат хатшысы: "Британдық қайраткерлер Йеменге қарсы бала өлтіруші коалицияны қарумен қамтамасыз етуші негізгі екі елдің бірі ретінде әлемдік қоғамдық пікірге жауапты болуы керек" деді.

Бахрам Ғасеми Ұлыбритания СІМ- нің Таяу Шығыс  ісі бойынша орынбасарының Йемен дағдарысындағы Иранның рөліне алаңдаушылық білдіруіне берген жауабында: «Британдық қайраткерлер йемендік әскери емес азаматтардың, әсіресе бейкүнә әйелдер мен балалардың өлтірілуінде Ұлыбританияда жасалған қарулардың жаппай қолданылуына жауап беруі керек. Сауд Арабиясының жетекшілігіндегі коалиция күштерінің шабуылдарында Йемендегі балалардың өлтірілуінде жауапкершілігі даусыз болып отырған жағдайда  британдық қайраткерлер осы бала өлтіруші коалицияны қарумен қамтамасыз ететін негізгі екі елдің бірі ретінде әлемдік қоғамдық пікірге жауап беруі керек.

Ұлыбритания үкіметі Еуропа парламентінің Сауд Арабиясына қару сатуға тыйым салу негізіндегі қарарына қарамастан Йеменге шапқыншылық жасаушы елдерге қару жағынан көмек көрсетудегі адамгершілікке қайшы саудагерлік саясатын неліктен одан әрі жалғастырып жатқаны жөнінде түсінік беруі тиіс» деді.