Сирияда Ресейдің тұрақты базасы орналасады
Ресей Федерациясының қауіпсіздік және қорғаныс комитетінің бірінші орынбасары Франц Клинцевич: «Сирияның Латакия қаласының оңтүстік-шығысындағы Хмеймим әуе базасы Мәскеу мен Дамасктің келісімі бойынша тұрақты базаға айналып, оның әскери жабдықтары артады»,- деп мәлімдеді.
Ресей Президенті Владимир Путин сейсенбі күні Ресей әскери күштерінің Сирияның Хмеймим базасында ұзақ уақытта орналасуы туралы келісімді талқылап, бекіту үшін Думаға тапсырды. Ресей Хмеймим әуе базасында тұрақты орналасып, Сирияда ұзақ уақытта қалу саласы бойынша қадам басты. Ресей бұрын Жерорта теңізінің жағалауында Тартус теңіз базасын Қара теңіз бен Жерорта теңіздеріндегі кемелері үшін пайдаланған болатын. Ұзаққа созылған азамат соғысына шырмалған Сириядағы келесі базаны өз ықтиярына алу Мәскеудің бұл аймақтағы күшінің артуын көрсетеді. Әрине, бұл мәселені Батыс, әсіресе АҚШ пен НАТО жақтырмайды.
Ресей өзінің тұрақты әуе базасын орнатып, қауіпсіздікпен қамтамаыз етіп, Сирияның заңды үкіметіне лаңкестермен күресуге көмектеспек. Бұл мәселе жағдайды Сирия үкіметі мен әскерінің мүддесіне өзгертіп, лаңкестік топтар мен олардың батыс және араб қолдаушыларын әлсіретеді. Ресейдің ең маңызды мақсаты аталмыш базасын Таяу Шығыс пен Жерорта теңізі жағалауындағы өзінің жалғыз нүктесі ретінде сақтап қалып, бұл аймақтың саяси-әскери теңгеріміне әсер етпек. Бұл мәселе Ресей үшін маңызды. Тартус теңіз базасы Ресей шекарасының сыртында орналасқан жалғыз база болғанымен, Мәскеу теңіз күштерінің әрекеттері үшін оны сақтап қалуды көздеп отыр. Ресей Башар Асадтың заңды үкіметін қорғауды басты мәселе деп санайды. Бірақ тәкфіршіл лаңкестермен күресіп, оларды жою Мәскеудің мақсаттарына кіреді.
Ресейліктердің айтуынша, шамамен 5000-7000 ресейлік азамат Сирия мен Ирактағы лаңкестердің қатарына қосылған. Сондықтан олардың елге қайтып оралуы Ресей үшін үлкен қатер тудырады. Дамаск үкіметі осыдан бірнеше жылдан бері Сирия жерінде Ресейдің екінші базасын орналастыруға келіскен болатын. Сирия үкіметі Ресейдің аймақ пен әлемде қауіпсіздік орнату туралы маңызды рөліне назар аударып, Ресей аймақта көбірек қалса қауіпсіздік үшін жақсырақ болады деп санайды. Мәскеудің Сирияда екінші базасын орнату шешімі Ресейдің Сириямен стратегиялық коалиция құрып, бұл елдің заңды үкіметін құлатуға рұқсат етпейтінін көрсетеді.