Ауғанстан темір жол арқылы Иран, Түркіменстан мен Өзбекстанға қосылды
https://itolqyn.com/news/world-i12808
Ауғанстан Президенті ақпарат өкілінің орынбасары бұл елдің темір жол арқылы Иран, Түркіменстан мен Өзбекстанға қосылғанын хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 14, 2016 07:32 Asia/Almaty
  • Ауғанстан темір жол арқылы Иран, Түркіменстан мен Өзбекстанға қосылды

Ауғанстан Президенті ақпарат өкілінің орынбасары бұл елдің темір жол арқылы Иран, Түркіменстан мен Өзбекстанға қосылғанын хабарлады.

Шаххосейн Мұртазави осы жаңалықты хабарлап, Ауғанстанның Иранның Чабаһар транзиттік айлағына да қосылғанын айтты. Иран Президенті Хасан Рухани, Ауғанстан Президенті Мұхаммад Ашраф Ғани және Үндістан Президенті Нарендра Модидің қатысуымен Чабаһар айлағы арқылы халықаралық тасымал дәлізін жасау құжатына қол қойылды.