Иранның АҚШ Мемлекеттік департаментінің есебіне қатысты ұстанымы
(last modified Sun, 14 Aug 2016 09:30:12 GMT )
Там 14, 2016 15:30 Asia/Almaty
  • Иранның АҚШ Мемлекеттік департаментінің есебіне қатысты ұстанымы

ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы АҚШ Мемлекеттік департаментінің жылдық есебінде Ирандағы діни еркіндіктің жағдайы туралы баяндалған уәждердің шындыққа жанаспайтынын қуаттап, оларды "жауластық және саяси мақсатта айтылған» деп атады.

ИИР СІМ-нің Дипломатия және ақпарат департаментінің хабарлауы бойынша, ИИР СІМ-нің ақпарат хатшысы Бахрам Ғасеми АҚШ Мемлекеттік департаментінің жылдық есебінде Иран жайлы баяндалған уәждерді теріске шығарып: «ИИР Конституция бойынша діни азшылықтардың құқығын ресми түрде таныған. Иранның барлық азаматтары  заң аясында өздерінің негізгі құқықтарын теңдей қолданады.

БҰҰ-ның жуырда жарияланған есептерінде АҚШ-та діни азшылықтардың, әсіресе мұсылмандардың құқықтарының ауқымды түрде бұзылатындығына қатысты алаңдаушылық білдірілген болатын. АҚШ үкіметі басқа елдерге ақыл-кеңес бергенше өз еліндегі мұсылмандардың құқықтарының әшкере түрде бұзылу жайттарына көңіл аударсын. АҚШ үкіметі діни азшылықтардың, әсіресе мұсылмандардың құқықтарын бұзуды тоқтатып, өзінің адам құқығына қатысты міндеттемелеріне байсалды түрде берік болуы керек. Сонымен қатар бұл ел исламнан үркіту үдерісінің таралуына тосқауыл қою үшін тиісті шаралар қолдануы қажет»,-деп баса айтты.