«Әл- Ақса» мешітінің құтпагері Батыс билеушілерін сынады
(last modified Mon, 15 Aug 2016 15:09:14 GMT )
Там 15, 2016 21:09 Asia/Almaty
  • «Әл- Ақса» мешітінің құтпагері Батыс билеушілерін сынады

«Әл- Ақса» мешітінің құтпагері Батыс билеушілерін сионистік режимнің «әл- Ақса» мешітіне қол сұғушылығына жауапты деп атады.

«Әл- Ақса» мешітінің құтпагері Акраме Сабри Ливанның «Almayadeen» телеарнасына берген сұхбатында Израиль басқыншы режимінің «әл- Ақса» мешітіне қарсы қол сұғушылық әрекеттеріне қатысты Батыс билеушілерінің тұрғыларын сынап: «Осы жоспарланған шаралар ірі алпауыттар араб елдерін лаңкестікпен күрес желеуімен ішкі қиыншылықтарға душар етіп, оларды Палестина мәселесінен қапы қалдырып отырған жағдайда жасалып жатыр» деді.

Сабри ислам үмбетінің сионистік режимнің палестиналық жерлерді еврейлендіру негізіндегі басқыншылық саясатына қатысты міндетінің маңыздылығын қуаттап: «Араб режимдері осы режиммен қарым- қатынасты қалпына келтірудің орнына Израильге экономикалық және саяси қысым жасау бағытында талпыныс жасауы керек» деді.

Соңғы күндерде сионистік қалашықтардың тұрғындары әлеуметтік желілер арқылы «әл- Ақса» мешітіне баса-көктеп кіруге мүдделік танытуда.