Ресей Сирияда тұрақты әскери база ашады
Ресей Қорғаныс министрі Сирияда осы елдің тұрақты әскери базасын ашатынын хабарлады.
IRNA ақпарат агенттігінің «Спутник" агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу жексенбі күні ресейлік әскерилердің Сириядағы лаңкестермен күресінің жалғасатынын айтып, Сирия үкіметінің өз территориясында Ресейдің әскерилеріне тұрақты әскери база ашуына келіскенін хабарлады.
Шойгу Ресей Президенті Владимир Путиннің Хамимимді осы ел әскерилерінің тұрақты базасына айналдыруға келіскеніне тоқталып: «Мәскеу лаңкестер және қылмыскерлермен соғысу үшін бір базаның болуын қажет етеді»,-деді.
Ресей әскерилері тарапынан базаны шектеусіз мерзімде қолдану көптеген адамдардың көңілін аударды.
Мәскеу-Дамаск келісімі бойынша, Сирияның Латакия облысының Хамимим елді мекенінде орналасқан Ресейдің әуе-ғарыш базасы өткен жылдың қыркүйек айынан бері Сирия үкіметіне қарсы лаңкестерді басып-жаншу үшін қолданылып келген болатын. Енді ол тұрақты базаға айналып, ондағы әскери нысандар да кеңейе түседі.