Джабер Ансари: Иран мен Түркияның Сирияға қатысты кеңестері көбейді
Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Теһран мен Анкараның Сирия дағдарысын шешу аясындағы кеңестерінің жалғасатынын мәлімдеді.
Иран Сыртқы істер министрінің Араб және Африка елдері жөніндегі орынбасары Хосейн Джабер Ансари дүйсенбі күні Теһранда Ресей Президентінің Таяу Шығыс істері жөніндегі өкілі Михаил Богдановпен кездескеннен кейін: «Сирия дағдарысына ықпал ете алатын ойыншылар арасында кеңестерді жалғастыру осы дағдарыстан шығу үшін қажетті алғышарттарды дайындай алады.
Иран Сирия дағдарысы барысында Түркия үкіметімен осы дағдарысты шешуге қатысты үнемі шағын кеңестер өткізіп отырды. Иран Сыртқы істер министрінің Анкараға жуырдағы сапарында да екі ел арасында жалпы келісім жасалды»-деді.
Джабер Ансари Сирияның аумақтық тұтастығы мен ұлттық егемендігін сақтау, бүкілхалықтық ұлттық үкімет қалыптастыру, сондай-ақ, Сирия халқының өз тағдырын таңдауын Иран мен Түркия қабылдаған жалпы принциптер екенін айтып: «Бұлар жалпы принциптер болғанымен осыған келісудің өзі Сирия дағдарысын шешудің келесі қадамдарының бастамасы бола алады»,-деді.