Мәскеу НАТО-ның Сирияға зымырандық шабуылдарының алдын алды
https://itolqyn.com/news/world-i12925
Ресейдің Қорғаныс министрі: «Ресей Сирияда химиялық заттарды жою туралы ұсыныс беру арқылы НАТО-ның осы елге ауқымды зымырандық шабуылдарының алдын алды»,-деп хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 16, 2016 16:55 Asia/Almaty
  • Мәскеу НАТО-ның Сирияға зымырандық шабуылдарының алдын алды

Ресейдің Қорғаныс министрі: «Ресей Сирияда химиялық заттарды жою туралы ұсыныс беру арқылы НАТО-ның осы елге ауқымды зымырандық шабуылдарының алдын алды»,-деп хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ресейдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгу дүйсенбі күні: «Ресейдің Сирияда химиялық заттарды жою туралы ұсынысы НАТО-ның осы елге ауқымды зымырандық шабуылдарының алдын алуға себеп болды. Батыс елдері Сирияға ауқымды зымырандық шабуылдар жасауға дайын болды»,-деді.

Ресейдің Қорғаныс министрінің айтуынша, осындай ауқымды шабуылдардың салдарынан Сирияда мемлекеттік нышандарды қайта жөндеу өте қиын болар еді.

Ресейдің Қорғаныс министрі, сондай-ақ: «Ресей мен АҚШ Сирияның Алеппо қаласында ДАИШ лаңкестік тобымен бірлесе күресуге жақындап қалды»,-деді.

Ресей Президенті Владимир Путин 2013 жылы Сирияда химиялық заттарды жою туралы ұсыныс жасап, АҚШ пен басқа Батыс елдері бұл ұсынысты қабылдады.