Бурунди Сыртқы істер министрі Руханимен кездесті
ИИР президенті Иранның африкалық елдермен ынтымақтастықтарының кеңеюін маңызды деп атады.
Президент әкімшілігінің ақпарат тарату торабының хабарлауынша, ИИР президенті Хасан Рухани сейсенбі күні Теһранда Бурунди Сыртқы байланыстар және халықаралық ынтымақтастықтар министрі Ален Эме Ньямитвены қабылдауында екі елдің байланысын достық сипатқа ие деп оң бағалап: «Иран мен африкалық елдердің ортақ мақсаттары мен армандары бар. Олар көптеген халықаралық ұйымдар мен өзгерістерде көзқарас бірлігімен бірін- бірі қолдай алады» деді.
Рухани лаңкестік, саяси араласушылық және Батыс елдерінің әлемнің көптеген аймақтарына әскери араласуын әлемдік қауымдастықтың ең маңызды түйткілдері деп атап, осы қиыншылықтарды шешу бағытында Қосылмау қозғалысына мүше елдердің оң рөл атқаруын қуаттады.
Бурунди Сыртқы байланыстар және халықаралық ынтымақтастықтар министрі де осы елдің президентінің хатын ИИР-ның президентіне табыс етіп, екі елдің ынтымақтастықтары мен байланысын халықаралық ұйымдарда, әсіресе Қосылмау қозғалысында кеңейтуге мүдделік танытты.