Америкадағы президенттік сайлауда жолсыздық болуы ықтимал
Там 16, 2016 20:47 Asia/Almaty
«Blumberg» Америкадағы сайлауға қатысушылар мен ықтималды дауыс берушілер арасында сауалнама жүргізіп, сайлаудағы жолсыздық жөнінде олардың пікірін сұрады.
Осы сауалнама қорытындысы олардың 34 пайызының Трамптің Америкадағы президенттік сайлауда жолсыздық болуы ықтимал деген пікірін қолдағанын аңғартады. Сонымен қатар сайлаудағы республикашылдар партиясының үміткерін қолдаушылардың 56 пайызы президенттік сайлауда жолсыздық болатынын қуаттады. Осы америкалық ақпарат құралы жүргізген сауалнаманың нәтижесі бойынша сайлауда ықтималды дауыс берушілердің 60 пайызы Трамптің сайлауда жолсыздық болуы жөніндегі пікіріне қосылмаған.
Тегтер