Исламдық Ынтымақтастық Ұйымы сионистік режимге ескерту жасады
(last modified Tue, 16 Aug 2016 14:53:30 GMT )
Там 16, 2016 20:53 Asia/Almaty
  • Исламдық Ынтымақтастық Ұйымы сионистік режимге ескерту жасады

Исламдық Ынтымақтастық Ұйымының бас хатшысы Аяд Мадани мәлімдеме жариялап, сионистік режимнің әскерилері мен әсірешіл сионистердің «әл- Ақса» мешітіне басқыншылығы мен палестиналық намазхандарға жасаған жабайы шабуылдарын айыптады.

Аяд Мадани Израильдің қауіпті шараларын «әл- Ақса» мешітінің тарихи жағдайына қайшы, қоқан-лоққы жасап, ислам әлемінің ашу-ызасын арттыру, барлық халықаралық қағидалар, заңдар мен конвенцияларды әшкере түрде бұзу деп атады. Мадани БҰҰ- ның Қауіпсіздік Кеңесінен Израильдің мұсылмандар мен христиандардың қасиеттіліктеріне толассыз басқыншылығына қарсы жедел шара қолдануды және олардың Палестина халқы мен олардың қасиеттіліктеріне қарсы нәсілшілдік шаралары мен қылмыстарының алдын алуды сұрады.