Еуропалық Одақ Сауд Арабиясын Йемен ауруханасына жасаған шабуылы үшін сынады
(last modified Wed, 17 Aug 2016 14:45:46 GMT )
Там 17, 2016 20:45 Asia/Almaty
  • Еуропалық Одақ Сауд Арабиясын Йемен ауруханасына жасаған шабуылы үшін сынады

Еуропалық Одақтың сыртқы саясат басшысының ақпарат өкілі Сауд Арабиясының Йемендегі бір  ауруханаға жасаған шабуылын қабылдауға келмейтіндігін айтып, Йемендегі саяси шешім жолын қуаттады.

Федерика Могеринидің ақпарат өкілі әрі Еуропалық Одақтың гуманитарлық көмектер мен дағдарысты басқару комиссары Кристос Стилиянидистің сәрсенбі күнгі мәлімдемесінде «Сауд Арабиясының Йеменнің солтүстік-батысында орналасқан «Абаста» қызмет көрсетіп жатқан бір аурухана мен Йеменнің солтүстігіндегі бір мектепке әуеден шабуыл жасап, көптеген адамды өлтіріп, бірқатар адамға зардап келтірген әрекеті қабылдауға келмейді. Әскери емес адамдар мен қызмет көрсететін  орталықтарға қарсы шабуылдар халықаралық гуманитарлық заңдарға қайшы. Еуропалық Одақ Йемендегі барлық жауласушы тараптардан жауапкершілікпен әрекет етуді және халықаралық заңдар мен адам құқығы бойынша өз міндеттемелерін орындауды, сонымен қатар әскери емес инфрақұрылымдарды нысанаға алудан бас тартуды сұрайды» деп қуатталған.

Сауд Арабиясының дүйсенбі күні Йемендегі бір ауруханаға жасаған шабуылынан 20 адам қаза болып, 40 кісі жараланды.