Халықаралық Кешірім ұйымы палестиналық тұтқынның тез босатылуын талап етті
https://itolqyn.com/news/world-i13045
Халықаралық Кешірім ұйымы сионистік режимнен аштық акциясын өткізіп жатқан палестиналық тұтқынды тез босатуды талап етті.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Там 18, 2016 15:01 Asia/Almaty
  • Халықаралық Кешірім ұйымы палестиналық тұтқынның тез босатылуын талап етті

Халықаралық Кешірім ұйымы сионистік режимнен аштық акциясын өткізіп жатқан палестиналық тұтқынды тез босатуды талап етті.

Rusiya Al-Yaum арнасының хабарлауы бойынша, халықаралық Кешірім ұйымы сәрсенбі күні мәлімдеме таратып, сионистік режимнің қайраткерлерінен әкімшілік қамауға алынғанына наразылық ретінде 3 айға жуық уақыт бойы аштық акциясын өткізіп жатқан палестиналық тұтқын Белал Каидты босатуды талап етті.

Бұл ұйым, сондай-ақ: «Палестиналық тұтқынды тез арада босатыңыздар, немесе оны халықаралық заңдарға сәйкес әділ түрде соттаңыздар, өйткені әкімшілік қамауға алуға дәлел жоқ. Мұны тоқтату керек»,-деді.

Өз айыбын 14 жыл 6 ай бойы өтеп шыққан Белал Каид қазір қайтадан әкімшілік қамауға алынып отыр. 

Тұтқындар ісі жөніндегі комитет басқа 80 палестиналық тұтқынның  Белал Каидқа тілеулестік ретінде аштық жариялағанын хабарлады.