Халықаралық Кешірім ұйымы палестиналық тұтқынның тез босатылуын талап етті
Халықаралық Кешірім ұйымы сионистік режимнен аштық акциясын өткізіп жатқан палестиналық тұтқынды тез босатуды талап етті.
Rusiya Al-Yaum арнасының хабарлауы бойынша, халықаралық Кешірім ұйымы сәрсенбі күні мәлімдеме таратып, сионистік режимнің қайраткерлерінен әкімшілік қамауға алынғанына наразылық ретінде 3 айға жуық уақыт бойы аштық акциясын өткізіп жатқан палестиналық тұтқын Белал Каидты босатуды талап етті.
Бұл ұйым, сондай-ақ: «Палестиналық тұтқынды тез арада босатыңыздар, немесе оны халықаралық заңдарға сәйкес әділ түрде соттаңыздар, өйткені әкімшілік қамауға алуға дәлел жоқ. Мұны тоқтату керек»,-деді.
Өз айыбын 14 жыл 6 ай бойы өтеп шыққан Белал Каид қазір қайтадан әкімшілік қамауға алынып отыр.
Тұтқындар ісі жөніндегі комитет басқа 80 палестиналық тұтқынның Белал Каидқа тілеулестік ретінде аштық жариялағанын хабарлады.