Иран Президенті: Теһран Осломен қарым-қатынасты дамытуды қолдайды
(last modified Thu, 18 Aug 2016 09:07:10 GMT )
Там 18, 2016 15:07 Asia/Almaty
  • Иран Президенті: Теһран Осломен қарым-қатынасты дамытуды қолдайды

Иран Президенті өз елінің Норвегиямен байланысын жоғарылатуды қолдайтынын хабарлады.

Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Президенті Хасан Рухани кеше, сәрсенбі күні Теһранда Норвегияның Сыртқы істер министрі Борге Брендемен кездесуінде: «Теһран-Осло ынтымақтастығы мен қарым-қатынасын дамыту жолында ешқандай кедергі жоқ»,-деді.

Иран Президенті Иран мен «алтылық» елдері келіссөздерінің халықаралық мәселелер мен қиындықтарды диалог арқылы шешуге болатынын көрсеткеніне тоқталып: «Бүгінде «Ортақ қадам» келісімінен кейін  Иран мен дос елдермен, соның ішінде Норвегиямен қарым-қатынас пен ынтымақтастықты дамыту үшін қолайлы жағдай жасалған. Осы мұрсатты дұрыс пайдалануымыз керек. «Ортақ қадам» жан-жақты бағдарламасы – баршаның мүддесіне сай келетін «ұтыс-ұтыс» келісімі. Тараптар өзі міндеттемелерін дер кезінде және толық орындауы тиіс»,-деді.

Норвегия Сыртқы істер министрі  де осы кездесуде «Ортақ қадам» келісімі қалыптастырған кеңістікті Иран мен Еуропа елдерінің қарым-қатынасы мен ынтымақтастығын дамыту үшін барынша қолдану қажеттігін қуаттады.