Лариджани: Иран халқы «Ортақ қадам» келісімінен белгілі бір нәтиже күтеді
Иран Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Иран халқының «Ортақ қадам» келісімінен белгілі бір нәтижеге жетуді қалайтынын айтты.
Иран Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы Әли Лариджани кеше, сәрсенбі күні Теһранда Норвегияның Сыртқы істер министрі Борге Брендемен кездесуінде: «Иран ядролық келіссөздерде әділ әрі қисынды шешім жолын табу үшін шынайы әрекет етті. «Ортақ қадам» келісіміне қол қою ИИР-ның осы шынайы қатынасының шарықтау шегі болды. АҚШ уәделерін бұзды. Бүгінде Иран халқы батыстық тараптың өз міндеттемелерін орындауын және «Ортақ қадам» келісімінен бір нәтижеге жетуді күтеді»,-деді.
Ислам Кеңесі Мәжілісінің төрағасы терроризмді аймақ және әлем халықтары үшін сұм құбылыс деп атап, ИИР-ның Сирия, Ирак пен аймақтағы лаңкестікпен күрестегі әсерлі де сындарлы рөліне тоқталып, барлық аймақтық және халықаралық күштердің сындарлы түрде әріптесуі қажеттігін қуаттады.
Норвегия Сыртқы істер министрі де осы кездесуде: «Ықпалды елдердің, соның ішінде Иранның көмегімен Иракта ДАИШ-ты жеңгеннен кейін осы ел халқының тұрмысын жақсартуға тиісті жағдай жасауға болады»,-деді.