Дональд Трамп Ақ үйдің құпия мәліметтерінің бір бөлігімен танысты
Америкадағы президенттік сайлаудағы республикалық партияның үміткері осы елдің құпия мәліметтерімен алғаш рет танысты.
ИРНА- ның хабарлауынша, Дональд Трамп республикалық партияның ресми үміткері деген арнайы артықшылықты пайдаланып Американың барлау саласындағы қайраткерлерімен бірлескен отырыста Ақ Үйдің құпия мәліметтерінің бір бөлігімен танысты.
Трамп осы отырыс өткен Нью- Йорктегі АҚШ-ның федералдық полициясының бюросында болудан бұрын «Fox News» хабар арнасына алған мәліметтерге онша сенбейтінін және осы байланысты Американың барлау қоғамындағы қазіргі мүшелердің кейбіреуін өз кабинетінде пайдаланбайтынын айтқан болатын.
Алайда демократиялық партияның қайраткерлері Трампты құпия мәліметтермен танысуға лайық санамайды.
АҚШ президенті Барак Обама осыдан бұрын Трампқа тіл тигізіп: "Президент болғысы келетін кісі президент сияқты әрекет етуі керек, яғни алған мәліметтерді жар салмауы тиіс" деген болатын.