Иран Сот билігінің адам құқығы штабы Ұлыбританияны қатаң сынады
Иран Сот билігінің адам құқығы штабы: "Ұлыбритания адам құқығы тұрғысынан өкінішті жағдайға ие болғандықтан халықаралық адам құқығы органдарына мүше болуға лайық емес" деді.
Иран Сот билігінің адам құқығы штабы мәлімдеме жариялап, Ұлыбритания СІМ- нің 2016 жылдың бірінші жартысында Ирандағы адам құқығы жағдайы туралы негізсіз есебіне көрсеткен реакциясында: «Ұлыбританияның бала өлтіруші сионистік режимді қолдауы, Халифе әулеті режимі мен Сауд Арабиясына және Сириядағы лаңкестерге қолдау көрсетуі Ұлыбританияның халықаралық және исламдық ережелерді бұзғанын дәлелдеді.
Британдық күштердің Ирак, Ауғанстан, Сирия, Бахрейн және Йеменде мыңдаған бейкүнә әйел мен баланы өзге елдерге жаппай қару сатумен аяусыздықпен тікелей немесе жанама түрде өлтіруі ондаған мың адамның өміріне қауіп төндіретін бірнеше есірткі заттар контрабандисін өлім жазасына берумен салыстыруға келмейді» деді.
Ұлыбритания әйелдер құқығын бұзу және олардың қадірі мен абыройларын сақтамауымен жоғары мәртебеге ие болып отырған Ирандағы әйелдердің жағдайын сынауға хақысы жоқ» деп қуаттады.