Иранның ұлттық банкі - исламдық банктердің арасындағы ең үздік банк
(last modified Sat, 20 Aug 2016 14:29:39 GMT )
Там 20, 2016 20:29 Asia/Almaty
  • Иранның ұлттық банкі - исламдық банктердің арасындағы ең үздік банк

Әлемдегі исламдық қаржы кеңселерінің соңғы рейтингі бойынша Иранның ұлттық банкі шариғатқа сәйкес байлығының көлемінің көптігі тұрғысынан исламдық банктер арасындағы ең үздік банк деп танылды.

Иран ұлттық банкі «Banker» басылымының 2015 жылғы ең соңғы рейтингі бойынша әлемдегі шариғатқа сәйкес байлықтардың жалпы құны 1273 млрд долларды құрайтынын, соның 946 млрд долларының исламдық банктердің иелігінде екендігін мәлімдеді.

 Шариғатқа сәйкес байлықтың көптігі тұрғысынан әлемдегі 20 ел арасындағы рейтинг бойынша Иран байлық көлемі жағынан ең жоғары орында. Сауд Арабиясы, Малайзия, БАӘ мен Кувейт екіншіден бесінші орындарға ие.

Жасалған шолулар шариғатқа сәйкес байлығы көлемінің көптігі тұрғысынан 50 исламдық қаржы кеңсесі арасынан Ираннан 12 банк, Малайзиядан 9 банк, Сауд Арабиясынан 12 банк, БАӘ- ден 5 банк, Катардан 4 банк, Бахрейннен 3 банк және Кувейттен 2 банк көзге түседі.

Жалпы әлемнің 40 еліндегі 360 исламдық қаржы кеңсесінен 249 кеңсе толығымен ислам дініне сай қызмет ұсынады . 11 коммерциялық банк те исламдық бөлімшелерімен шариғатқа сәйкес қызмет ұсынумен айналысады.