Сауалнамалардың нәтижелері Трамптың Хиллари Клинтоннан озғанын көрсетуде
(last modified Sun, 21 Aug 2016 14:34:19 GMT )
Там 21, 2016 20:34 Asia/Almaty
  • Сауалнамалардың нәтижелері Трамптың Хиллари Клинтоннан озғанын көрсетуде

Америкалық «USB Dvrnsayf» институтының сауалнама қорытындылары Америкадағы президенттік сайлаудағы республикалық партияның үміткері Дональд Трамптың үш апта сәтсіздікке ұшырап, өзінің демократиялық партиядан бақталасы Хиллари Клинтоннан артта қалған соң, қазір одан шамамен бір пайыз озғанын көрсетеді.

Осы сауалнама нәтижелері бойынша дауыстың 44 пайызын алған америкалық миллиардер Трамп 43 пайыз жинаған Американың бұрынғы Мемлекеттік хатшысы Клинтоннан алда келеді. Сауалнамаға дауыс беру және президенттік сайлауға қатысу шарттарына ие  үш мың америкалық қатысқан.