Түркия Ресейге Инжирлик әуе базасын лаңкестерге қарсы қолдануға беруге дайын
(last modified Mon, 22 Aug 2016 11:03:22 GMT )
Там 22, 2016 17:03 Asia/Almaty
  • Түркия Ресейге Инжирлик әуе базасын лаңкестерге қарсы қолдануға беруге дайын

Түркияның Премьер-министрі Ресейдің Инжирлик әуе базасын Сириядағы лаңкестердің позицияларына шабуыл жасау үшін қолдануына жағдайдың жасалғанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран Ресейдің бомбалаушы ұшақтарына Хамаданда орналасқан Ноже әуе базасын қолдануға рұқсат бергеннен кейін  Түркияның Премьер-министрі Бен Әли Йылдырым да: «Ресей Инжирлик әуе базасын Сириядағы лаңкестердің позицияларына әуеден шабуыл жасау үшін қолдана алады»,-деп хабарлады.

Йылдырымның айтуынша, Ресей тарапынан Түркияның Анада қаласында орналасқан Инжирлик әскери базасын қолдануға ресми өтініш алмағанына қарамастан, Ресей Сириядағы лаңкестердің позицияларына шабуыл жасау үшін Түркия жерін қолдана алады.

Russia Today ақпарат арнасының сайты Бен Әли Йылдырымның сөзіне сілтеме жасап: «Түркия Инжирлик әуе базасын ДАИШ лаңкестерімен күресу үшін ашты. Ол қазір АҚШ пен Катар тарапынан қолданылып жатыр. Басқа елдер, соның ішінде Германия осы әуе базасын қолдануға ынта танытуы ықтимал»,-деп жазды.

Түркияның Премьер-министрі: «Қажет болған жағдайда Инжирлик әуе базасы қолданысқа беріле алады. Мәскеудің бұл жөнінде қысым жасауы туралы хабарлар жаңсақ»,-деді.