27 ақпанда Сирияда қақтығыстар тоқтатылады
(last modified Tue, 23 Feb 2016 10:18:43 GMT )
Ақп 23, 2016 16:18 Asia/Almaty
  • 27 ақпанда Сирияда қақтығыстар тоқтатылады

АҚШ пен Ресейдің келісімі бойынша, 27 ақпан Сирияда қақтығыстар тоқтатылатын күн болып ұсынылды.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров бұл келісімді Мюнхенде «Сирияны қолдау» халықаралық тобының аясында атысты тоқтатуға арналған топтың құрылуымен бір мезгілде жариялады.

Бұл келісімнің мән-мазмұны Сирияның түкпір-түкпірінде дұшпандықтарды тоқтату болып табылады. Ол 2016 жылдың 27 ақпанында іске асырылады деп жоспарлануда.

Press TV-дің хабарлауы бойынша, бұл келісім ДАИШ лаңкестік тобы мен «ән-Носрат» майданын қамтымайды.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Сирияда қақтығыстарды тоқтатуға бағытталған осы келісімді қолдап, қақтығысушы тараптардың барлығынан оны орындауды сұрады.

Ресейдің Президенті Владимир Путин де: «Ресей мен АҚШ-тың Сирия туралы келісімі терроризмге қарсы шараларға үлгі бола алады»,-деді.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Джон Керри де: «Қақтығыстар тоқтатылған жағдайда қатігездіктер саны азайып, гуманитарлық көмектер жіберу кеңейе түседі және Сирияда саяси үдерістердің атқарылуына жол ашылады»,-деді.