Латын Америкасымен байланысты кеңейту қарсыласу экономикасының мақсаттары бағытында жүзеге асырылуда
Иран ислам республикасының Сыртқы істер министрі Латын Америкасымен байланысты кеңейтуді қарсыласу экономикасының мақсаттарын ілгерілету бағытында деп атады.
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Кубаның астанасы Гаванадағы «National» қонақүйінде ирандық делегацияның құрметіне берілген қонақасыда: «Ортақ қадам» келісімінен кейінгі кезеңде кедергілер ығыстырылып, Иранның Латын Америкасындағы түрлі елдермен қарсыласу экономикасының мақсаттарын ілгерілету бағытында ынтымақтастықты кеңейту үшін мұрсаттар қалыптасып отыр» деді.
Иран ислам республикасының Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф өзінің Латын Америкасындағы алты елге сапарының алғашқы мақсатында кеше жексенбі күні Кубаның астанасы Гаванаға келді.
Иран Сыртқы істер министрінің Латын Америкасына сапарында саяси делегациямен бірге сауда- экономикалық төрағалар мен түрлі салалардың, соның ішінде техникалық және инженерлік қызмет саласындағы жекеменшік бөлім компанияларының қожайындары Зарифпен бірге жүр.
Иран Сыртқы істер министрі осы сапарда кубалық қайраткерлермен қос жақты байланыстың түрлі қырларын қарастыруды жоспарлап отыр.