Зариф Рауль Кастромен кездесті
https://itolqyn.com/news/world-i13297-Зариф_Рауль_Кастромен_кездесті
Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Куба Президенті Рауль Кастромен кездесіп, сұхбаттасты.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 23, 2016 14:35 Asia/Almaty
  • Зариф Рауль Кастромен кездесті

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Куба Президенті Рауль Кастромен кездесіп, сұхбаттасты.

IRNA ақпарат агенттігінің сейсенбі күнгі хабарлары бойынша, Иран Сыртқы істер министрі мен Куба Президенті Рауль Кастро осы кездесуде әсіресе экономика мен халықаралық мәселелер бойынша екі жақты ынтымақтастықтарды кеңейту туралы сұхбаттасқан.

Экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, Венесуэлада Қосылмау қозғалысына мүше елдер басшыларының отырысын өткізу мен аймақтық және халықаралық өзгерістерді сараптау да Иран Сыртқы істер министрі  мен Куба Президенті кездесуінде талқыланған тақырыптардың қатарын құрады.

Иран Сыртқы істер министрі, сондай-ақ, осыдан бұрын Куба Президентінің орынбасары әрі Экономика министрі Рикардо Карбрисаспен кездесіп, екі елдің экономикалық байланыстарын кеңейту жөнінде сұхбаттасқан болатын.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммад Джавад Зариф Латын Америкасы елдеріне сапарының екінші кезеңінде Кастромен кездескеннен кейін Гаванадан Никарагуаның астанасы Манагуаға аттанды.